Үндеу
Құрметті бауырлас елдер ұйымы, өздеріңізден Халық Өкілдерінің Уақытша Комитеті атынан жәрдем сұраймыз.
Үстіміздегі жылы қаңтардың 2-сінен бастап, Қазақстанның барлық өңірлерінде қазақ халқы көшеге наразылық шеруіне жаппай шыққаны өздеріңізге мәлім.
Оның себебі – 30 жылдан астам уақытқа созылған жемқор жүйенің мемлекеттің басқару органдарына еніп, саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларды шірітуі болды.
Билік бейбіт шеруге шыққан адамдарды террористтер деп атап, қарулы күштерді оларға қарсы қолданды. 200-ге жуық адам шығындары болды, 6 мыңнан аса адам тұтқындалды. Ресей, Беларусь, Армения мемлекеттерінен әскер шақырылды. Халықты террористтер дегенге сенбеңіздер.
Осындай, қазақ халқына қауіп төнген жағдайда, Түркі мемлекеттері ұйымынан жан-жақты қолдау сұраймыз. Нақты айтқанда, түркі тілдес туысқан халықтар ретінде Сіздерден рухани, ақпараттық және гуманитарлық, сондай-ақ, жазықсыз тұтқындалған бауырларыңызды арашалауды, сұраймыз. Аталмыш Ұйымның саяси беделін пайдаланып, қазақ үкіметіне саяси ықпал етулеріңізді асыға күтеміз.
Қазақстан Республикасы
Астана қаласы
2022 жыл 10-шы қантар.